Базарға, қарап тұрсам, әркім барар
Бұл бетте «Базарға, қарап тұрсам, әркім барар» атты Абай Құнанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Базарға, қарап тұрсам, әркім барар,
Іздегені не болса, сол табылар.
Біреу астық алады, біреу - маржан,
Әркімге бірдей нәрсе бермес базар
Әркімнің өзі іздеген нәрсесі бар,
Сомалап ақшасына сонан алар.
Біреу ұқпас бұл сөзді, біреу ұғар,
Бағасын пайым қылмай аң-таң қалар.
Сөзді ұғар осы күнде кісі бар ма?
Демеймін жалпақ жұртқа бірдей жағар.
Жазған соң жерде қалмас тесік моншақ,
Біреуден біреу алып, елге тарар.
Бір кісі емес жазғаным, жалпақ жұрт қой,
Шамданбай-ақ, шырақтар, ұқсаң жарар.
"Ит маржанды не қылсын" деген сөз бар,
Сәулесі бар жігіттер бір ойланар.
Өте керемет жазылған.
Өте керемет жазылған.
Күшті
сендер осы тақпақтың орысша түрін беріндерші
Оте мәнді сөздерінде аса құндылық мәртебе бар. Түсініп оқысаң керемет.
Оте мәнерлі өлең және өте керемет өлең.
Өлеңді оқып отырсаң оның мәнін ұғасың ішіңдегі бүккіл жаман ойлар жоғалып кетеді жаның тәуелсіз секілді көрінеді .мен үнемі Абай Құнанбаевтың өлеңдерін оқимын
Мен Абай атамыздың өлеңдерін жақсы көремін
Абай Құнанбайұлының Базарға, қарап тұрсам, әркім барар өлеңі ұнады
Мен қазақ тілін енді үйренгенмін Абай деген бір ақын бар екенин билдим соның өленин жатап көрдім қиын мен америкдан келгенмін. This is Kazakhstan very amazing country
Абайдың “Базарға, қарап тұрсам, әркім барар” өлеңін оқып шықтым — бұл туынды маған адамның өмірдегі ізденісі мен таңдауы туралы ой салады. Әрбір адам өзіне қажет дүниені іздеп, міндетті түрде табады деген ой маған ерекше әсер берді. Қарапайым «базар» бейнесі арқылы өмірдің сан алуан кезеңдерін, талабы бар адамдардың әрқайсысының өз жолы бар екенін керемет жеткізген. Мұндай классикалық поэзия жүрекке жылы тиеді әрі ойымды тереңдете түседі — рахмет!
Абай атамыздың «Базарға, қарап тұрсам, әркім барар» өлеңі – қазақ поэзиясының мәңгілік інжу-маржандарының бірі! Қазақтың ұлы ақынының сөзі мәңгі жасасын! ✨