Сарбаз – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Сарбаз» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4523
Бәрі, бәрі аяқ-қолы сау ұлдың
Перзенті боп октябрьдей дауылдың,
Шайқасатын
Бір-бір қылыш жонып ап,
Тақтайынан тақтай қоймай ауылдың.
Қаптаған ұл —
Үлкенің не?
Кішің не?—
Айқасатын миялы сай ішінде.
Өлгеніне қарамайтын «Уралап!»
Совет үшін,
Революция үшін деп.
Шұрқырайтын кепкен шыбық —
Атымыз.
Құласаңыз —
Тәртіп солай —
Жатыңыз!
Өлу үшін правомыз болатын,
Жоқ болатын жеңілуге хақымыз.
Тілейтінбіз, толысқанды, толғанды.
Майдан қылып сол төңірек,
Сол маңды,
Артық көрдік
Ақ генерал болғаннан
Чапаевтың жай сарбазы болғанды!
О-ой, не керек!
Ойын қызған шақтарда
Біз бөрідей тиюші едік ақтарға!
Ырза болмай Қадыр деген есімге,
Қызығушы ем Чапай деген аттарға.
Дауылдан соң,
Жаңбырдан соң,
Озонда
Түк қалмайды
Аппақ шаң да,
Тозаң да!
Қызыл болып —
Көзім жетіп жүр қазір —
Бостан-босқа шайқаспаппыз біз онда!
Жақсылықтың ұшқыны ұшып көзінен,
Қайтпайды ер бала күнгі сөзінен!
Мен өзімді
Революцияның
Әлі де
Бір кішкентай сарбазындай сезінем!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сарбаз өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Сарбаз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сарбаз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сарбаз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері