Екі сурет – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Екі сурет» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 6262
Анасынан қасиетті сүт емген
Азаматтан тек жақсылық күтем мен...
Қолдарына бір-бір шөлмек ұстаған
Екі жігіт атып шықты дүкеннен.
Сырқатымның таппағандай бір емін,
Тап сол күні көңілсіздеу жүр едім.
Әлгілерді көрген кезде,
Бауырым,
Шаншып кетті
Бүйрегім мен жүрегім!
Қаншама жыл көңілімде қыстаған
Есіме анау соғыстағы түсті адам:
Қайран, ерлер,
Қайран, батыр жауынгер,
Шөлмек емес,
Граната ұстаған!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері