Революция рухы – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Революция рухы» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1795
Жоқ баяғы темір күшім,
Қазірде мен шаршағам.
Бірақ үлкен өмір үшін
Күресерлік бар шамам.
Алдыменен ақындарша
Айқасамын гүл үшін.
Сұлулықтың
Батырларша
Сілтеп алмас қылышын.
Жиырмасыншы ғасырдағы
Дон-Кихоттай мен серің.
Қорқаулардың қолындағы
Қағып түсем семсерін.
Жүрегіме ұялаттым
Махаббатты, жан жарым.
Қағып түсем
Қиянаттың
Қылп-қылп еткен қанжарын.
Мұндай кезде ағаң мықты:
Майып болар мың кісің.
Шарт сындырам
Арамдықтың
Шарға ұстаған сүңгісін.
Қағып дұшпан омырауын,
Езе берсін малтасын.
Ұңғысынан омырамын
Ұр да жықтың балтасын.
Мүгедек боп меңдей қалсам,
Алдымнан тек кесе өтпе.
Өлсем өлдім.
Өлмей қалсам,
Мені күшке есепте!
Жабылғанда барша дүние,
Көзім оттай шатынап.
Кітап жазам Корчагинше
Төсек тартып жатып-ақ!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Революция рухы өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Революция рухы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Революция рухы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Революция рухы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері