Мұғалима – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Мұғалима» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.04.2019
  • 0
  • 1
  • 22387
Мынау менің сезгенім:
Ол — кластың анасы.
Өзінің де,
Өзгенің
Баласы — оның баласы.
Қай кезде де, ол анық,
Қайғырмайды өзі үшін.
Біздер үшін қуанып,
Қызарады біз үшін.
Күнде «бестік» алсаң сен,
Онда басқа жоқ арман.
Ал оқымай барсаң сен,
Бір тал шашы ағарған.
Жақсы болсаң шынында,
Қартаймас деп айта алам.
Жаңа оқу жылында
Жасарады қайтадан.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Кәусар

Өте жақсы жазған

Осы автордың басқа өлеңдері