Ақындар мен патшалар

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2937
Дарынды жерден ізде,
Көктен ізде,
Оларды берген емес текке бізге.
Шабытты ерттеп мінген Шеллиіңіз
Су жұтып,
Кетті дейді көк теңізге.
Қандай күш ақын дертін емдеп еді!
Мықтыға мықты ғана тең келеді.
Бастарын Иожеф пенен Верхарнның
Біледі паравоздың дөңгелегі.
Махаббат дейтұғын бір құрғыр оттан
Ұшқан нұр ақын көзін бұлдыратқан.
Пушкин мен Лермонтов жүрегіне
Қадаған дұшпандары бір-бір оқтан.
Мен осы аруақтарға басымды идім.
(Азабын шекті дейді Қасым үйдің)
Жауыздар!
О, жауыздар!
Тірідей-ақ
Терісін сыдырыпты Насимидің!
Түршігіп,
Айналады денең мұзға:
Жеткенде ақын қолы әрең қызға,
Тәңірін сататындар хандық үшін
Вагипті лақтырыпты терең құзға.
Ақынның кемел кезі —
Бесін шағы.
Ергелі отырғанда осынша ауыл,
Қапыда,
Ойда жоқта
Опасыздық
Әкеткен Махамбеттің басын шауып.
Қанша аруақ аты түгел аталмаған!
Жалтарсам,
Қарайды олар қатал маған.
Тұрғанда ақын тірі
Ешбір патша,
Ешбір хан
Тыныш ұйықтап жата алмаған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақындар мен патшалар өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Ақындар мен патшалар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ақындар мен патшалар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақындар мен патшалар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері