Босқа өткен күн – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Босқа өткен күн» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3206
Қызуымен пеш күннің
Кездім тірлік базарын.
Бірақ бүгін ешкімнің
Аудармадым назарын.
Қопарып жер қабатын,
Қазына-кен қазбадым.
Халық жаттап алатын
Бір ауыз жыр жазбадым.
Жырдың буда гүліне
Болады ел ыразы.
Бірақ бүгін тіліме
Оралмады бір әзіл.
Кітапханам өзіме
Көңілсіздеу тұр қарап.
Әйнек киіп көзіме
Оқымадым бір парақ.
Маған ыстық ақ үйдің
Өттім үнсіз қасынан.
Кездескен бір сәбидің
Сипамадым басынан.
Кіріп думан-дүкенге
Шаттық алып қайтпадым.
Кішіге, не үлкенге
Бір жылы сөз айтпадым.
Жұрт алдында жиналған
Мақтанар ем сол үшін,
Бір адамға қиналған
Бере алмадым қол ұшын.
Түк келмеген ойыма
Бұл күнді мен тұл деймін.
Ішкен асым
Бойыма
Қалай сіңді?
Білмеймін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Босқа өткен күн өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Босқа өткен күн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Босқа өткен күн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Босқа өткен күн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері