Күлкі мен ұйқы – Есенбай Дүйсенбайұлы

Бұл бетте «Күлкі мен ұйқы» атты Есенбай Дүйсенбайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2817
Көпшігімді көрген жоқ қиқым басып,
Мені арбаған Жыр деген сиқыр ғашық.
Көңілінен мен соның шығамын деп,
Күлкім қашып кетіпті, ұйқым қашып.
Аша алмай-ақ сиқырдың құлыптарын,
Қайнай-қайнай таусылды тұнық қаным.
Бұл жасымда күлкімнің қашқаны жөн,
Қалай болар ұйқымды ұмытқаным?..
Қала жайлап, қаламмен түзге көшем,
Қара өлеңнен күдерің үзбе де сен...
Қашқан күлкі соңынан жүгірмеймін,
Болар емес ұйқымды іздемесем!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күлкі мен ұйқы өлеңінің авторы кім?

Есенбай Дүйсенбайұлы — осы өлеңнің авторы.

Күлкі мен ұйқы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күлкі мен ұйқы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Есенбай Дүйсенбайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күлкі мен ұйқы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері