Абайға мұң шағу – Есенбай Дүйсенбайұлы

Бұл бетте «Абайға мұң шағу» атты Есенбай Дүйсенбайұлы жазған мұң туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 09.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1592
"Жұртым деуге арлымын,
Өзге жұрттан ұялып..."
"Менсінбеуші ем наданды,
Ақылсыз деп қор тұтып...". Абай.

Алашым деп арман-мұң, қиял әнім,
Абай аға, ақ қағаз сияладым.
Жарлы емеспін, зарлымын мен де сендей,
Ұлтым деуге жат жұрттан ұяламын.
Ғасырда да ел бостан, азат дала,
Қалар емес қашанғы мазақ-таба.
Аузы түкті кәуірге құлдық ұрып,
Айрылмайтын қамыттан қазақ қана.
Қандастары сорынан бақ табатын,
Күлембайлар қазіргі таққа жақын -
Отаршылдан бетер жеп Отанымды,
Орыстанған діліне мақтанатын.
Наласы мол намыстың зарлап әнін,
Жыр жазбасқа Абайша бар ма амалым?!
Өзге жұрттан ұялып мен де бүгін,
Жұртым деуге арлымын, арланамын.
Не әкеледі алдағы заман күткен?
Тайғақ боп тұр бүрі жоқ табан біткен.
Алысады бұл ғасыр Абайлары,
Ақылды һәм оқыған надандықпен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Абайға мұң шағу өлеңінің авторы кім?

Есенбай Дүйсенбайұлы — осы өлеңнің авторы.

Абайға мұң шағу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Абайға мұң шағу өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мұң туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Абайға мұң шағу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері