Бұл бетте «Көкжиектен күлімдеп шықты күнім» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көкжиектен күлімдеп шықты күнім.
Әппақ гүлдің ернінде қалған тұнып,
Мөп-мөлдір шық етеді жымың-жымың.
Ағытылды жүректен бұла жырым.
Бас бермес сәйгүліктей арындайды,
Тұнып келген бұйығы тұнық сырым.
Тұнық сырым – тәп-тәтті жыр боп туды,
Жарияға жар салдым күліп тұрып.
Кешіре гөр, сен мені, тұнық мұңым...
Көкіректе сақталған тұнып-тұнып,
Сен тәп-тәтті екенсің, тұнық мұңым.
Жырға айналып кеткенде ұғып тұрым!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі