Бұл бетте «Табылды суретшіге» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Аяз би» деп ат қойыпсың
картинаңа тамаша...
Ашық аспан, шеберлік пен
қанық бояу жарасар.
Құдырет деп, сүгірет деп
Қылқаламның иесін
Мақтап тұрдық.
Еске алысып
тарих-тағлым үлесін...
«Жаманмын» деп таныстырған
Күс-күс аяқ қойшы өзін,
Өңшең уәзір құлақ асқан
Сөзін еске ал, ойша өзің...
Жаман болса, жаман болар,
Өрім-өрім киімі,
Қой соңында салпаңдаған
Келіспей тұр сиығы...
Хан сынаған сол Жаманды,
Жаман ханды сынайды.
Жеті атасын айтып берсе
Жаңылмаған сыңайлы!
Жаман-жұман сырт пішіні!
Би боп тынды ақыры ол,
Тым құпия ішкі сыры
Шын асылдың заты сол!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі