Гәп

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3081
Ішпеймін мен қызыл сұрап,
Ақ сұрап.
Қарайды ақыл ішімдікке жатсырап.
Арақтан да,
Шараптан да
Мен үшін
Жеңгейлердің күрең шайы жақсырақ.
Мінбеймін мен көлік сұрап,
Ат сұрап.
Ер-тоқымды қалдым, сірә, жатсырап.
Менің үшін
Газиктен де,
УАЗ-дан да
Жаяу жүріп қыдырғаным жақсырақ.
Тіленбеймін мансап сұрап.
Тақ сұрап,
Мұнымда да бар-ау деймін гәп, сірә!
Патша болмай,
Король болмай,
Хан болмай,
Қатардағы жан болғаның жақсырақ!
Мен халқымнан кеткен жоқпын жатсырап
Міне, осында болса керек гәп, сірә!
Жапырақ боп күнде діріл қаққанша,
Сол ағашқа тамыр болған жақсырақ!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Гәп өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Гәп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Гәп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Гәп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері