Өлең, жыр, ақындар

Апыр-ай

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2818
Апыр-ай!
Ішің қалай жылынбайды!
Себепсіз көңіл гүлі жұлынбайды.
Көргенде
Бізбен қоса,
Көзбен қоса
Көңілшек көз әйнектер жымыңдайды.
Мен талай барып көрдім,
Жазып көрдім.
Жүректің бар асылын қазып бердім.
Қуанып алдан шыққан жолаушыға
Фарлары жымыңдайды газиктердің.
Жетектеп немересін кәрі әжесі
Қыдыру —
Әр ауылдың ережесі.
Әр үйдің иесі түгіл,
Қонақ көрсе
Етеді жымың-жымың терезесі!
Сақалын малып сайдың бұлағына.
Ақ ешкі мекіренер лағына...
Құс қонса,
Шеңбер сызып —
Көл жымиып,
Жетеді екі езуі құлағына!
Жабағы бұлттар да жоқ алашабыр.
Жатқандай қонақ күтіп тамаша қыр.
Себепсіз
Өз-өзіңнен жымиясың;
Өмір де жымияды балаша бір!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

О бастан-ақ тазалыққа құмарттым

  • 0
  • 0

О бастан-ақ тазалыққа құмарттым.
Құмарттым да жүрегіме жүк арттым.
Тамған сия,
Жұққан кірді өшіріп,

Толық

Аяз

  • 0
  • 0

Көз байланды, түсті іңір,
Жүргізді аяз қожалық.
Шиқылдайды
Қыстың бір

Толық

Бізді неге бұрынғыдай жаз айы

  • 0
  • 0

Бізді неге бұрынғыдай жаз айы
Бейішімен қуантпайды ғажайып?!
Ертеңіңнің мүмкіндігі көбейіп,
Ертегілер кеткен жоқ па азайып?!

Толық

Қарап көріңіз