Шағылысып шағылмен күн шөлмегі – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Шағылысып шағылмен күн шөлмегі» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2310
Шағылысып шағылмен күн шөлмегі,
Алып келген осында мың шілдені.
Безек қағып сонда да кесірткелер
Тоқтамайды тіршілік құм-шөлдегі,
Ойыменен ұғысып, құптасып қыр,
Жайылып жүр жануар жұптасып бір.
Қу даланың өзіне қына шығып,
Тау мен тастың өзін де мүк басып тұр.
Өскен анау көк сазда құлшынып тал,
(Кірмейді оған қураған бір шыбықтар)
Қара табыт сияқты
Қара пәле
Қара асфальттың астында тіршілік бар
Қай бұтағы болмасын бүкір шығып,
Қасарысып өседі мықыр шыбық.
Арпалыспай,
Алыспай,
Тіршілікті
Даттай беру сыртынан — күпіршілік!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шағылысып шағылмен күн шөлмегі өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Шағылысып шағылмен күн шөлмегі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шағылысып шағылмен күн шөлмегі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шағылысып шағылмен күн шөлмегі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері