Бұл бетте «Жазираның жұрты да» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
30.04.2019
0
0
2475
Жазираның жұрты да
Жазда сағым кешеді.
Қызыл қоңыр бұлты да
Құм сияқты көшеді.
Желпілдеген кекілді
Желмен тарап жүресің.
Ақша бұлты секілді
Аспандағы күресін.
Тал түстегі аспаны
Тұзды көлден аумайды.
Тас төбеден асқан күн
Бір жамбасқа аунайды.
Бұл ғана ма
Басқа да
Ұқсастығы бар тағы.
Аспан дейміз,
Аспан да
Даласына тартады!
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі