Бірің адам болғанмен – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Бірің адам болғанмен» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4768
Бірің адам болғанмен,
Бірің пенде.
Біреулер бар мықтырақ піріңнен де.
Қателесер тұстар көп білмегенге,
Құлайтұғын жерлер көп сүрінгенге.
Жап-жас болып тұрғам жоқ бүгін мен де,
Кезім болды иілген,
Бүгілген де.
Қайғыратын нәрсе көп қайғырғанға,
Түңілетін нәрсе көп түңілгенге!
Қиындықтың кездейсоқ өткеліне,
Өкінеді кейбіреу өткеніне.
Жылайтұғын себеп көп қапалыға,
Шағынатын себеп көп өкпеліге.
Бұл өмірде таппайды пәле тыным.
Шығарма естен түбі бір келетінін.
Күлем десең себеп бар күлетұғын,
Өлем десең себеп бар өлетұғын.
Жолдас та көп,
Дос та көп бағаң барда.
Көп алдауға.
Арбауға мамандар да,
Бірақ, бірақ
Бола сол жамандарға
Тіл тигізем қалайша адамдарға!
Жамандығын өмірдің кешірме сен.
Кешіре сал кінәлі кешір десе!
Өмірдегі тұманнан адаспайсың,
Көңілдегі күніңді өшірмесең!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бірің адам болғанмен өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Бірің адам болғанмен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бірің адам болғанмен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бірің адам болғанмен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері