Соғыста да – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Соғыста да» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.05.2019
  • 0
  • 0
  • 5621
Соғыста да,
Бейбіт кез жаншылықта
Біз буынбыз заманға сай шыныққан,
Ащы менен тұщыдан тұрады өмір,
Басқан ізің тұрады қайшылықтан.
Әділ болсаң бағамды берші менің.
Бере алмасаң құр босқа тершімегін.
Кедей болсаң,
Кекжиіп менсінбейді,
Көре алмайды бай болсаң көршілерің.
Жас кезіңде:
Қуат бар,
Күш барында
Жарасады қонғаның,
Ұшқаның да.
Тірі кезде досың да жамандайды,
Өлгеннен соң мақтайды дұшпаның да!
Қалай ғана сенесің сол достарға,
Қулық-сұмдық ішінде мол бастарға?!
Ішкеніңе қайғырып бала-шағаң,
Ішпегенің батады жолдастарға.
Бұл адамнан бәрі де табылады.
Жаманың да,
Жақсың да танылады.
Осал болсаң —
Есектей ерттеп мініп,
Мықты болсаң —
Барлығы жабылады...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Соғыста да өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Соғыста да өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Соғыста да өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Соғыста да өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері