Қармақтай боп қадалған желбезекке

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 01.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2019
Қармақтай боп қадалған желбезекке
Қанша шаруа, бауырым, тұр кезекте?!
Оны қойшы!
Көргенде небір жайды
Ішің толып кетеді бір мезетке.
Мәз болмашы
Шағылған ерте тауы
Азаматтың басынан сірке тауып.
Кей кездерде жүреді
Көрмелерде
Қырғауылдың орнында күрке тауық!
Жерде туып біреулер жер баспапты.
Кімнен олар үйренген арбаспақты?!
Нармыз дейді өздерін,
Махамбеттер
Білмейді деп ойлай ма нарқоспақты?!
Жүйке неткен мықты еді!
Кендір еді!
Ол да тозып бірақ та селдіреді.
Пәтшағарлар
Көрсетіп дүрегейін
Нағыз құмай тазы деп сендіреді.
Түсінбесең қайтадан оқы тағы.
Біреу дұрыс тірлікті қоқытады.
Қосады олар бәйгеге —
Тұлпар емес —
Кекіліне есектің үкі тағып!
Бұл өмірдің қиын ғой тоқтауы ағып.
Мықтыларды Ертеңнің жоқтауы анық.
Күй тартады біреулер топ алдында
Домбыра емес —
Қолына оқтау алып!
Алтын ұя әрқашан етер үміт
Қыран қайда қасқырды кетер іліп?!.
Кей күндері лоқсиды,
Дөңбекшиді
Жанартаудың жүрегі көтеріліп!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қармақтай боп қадалған желбезекке өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Қармақтай боп қадалған желбезекке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қармақтай боп қадалған желбезекке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қармақтай боп қадалған желбезекке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері