Қызғанам деп қызылын

Бұл бетте «Қызғанам деп қызылын» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2527
Қызғанам деп қызылын,
Келіп едім жарғызбай.
Енді, міне, қызығым
Үсік шалған қарбыздай!
Жасыдым ба жасуын,
Өтейін деп парызды,
Ашу емес ашуым,
Піскен пияз тәрізді.
Уақыт мол деп жүр едім,
Сол уақытым қалмады-ай!
Көпті көрген жүрегім
Бұршақ ұрған алмадай!
Бірақ сөйткен жүрегім
Алған емес жалбақтай...
Тфә! Тфә! Жігерім
Нағыз түйе жаңғақтай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызғанам деп қызылын өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Қызғанам деп қызылын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызғанам деп қызылын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызғанам деп қызылын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері