Қара жер шайқалғанда – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Қара жер шайқалғанда» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2103
Қара жер шайқалғанда,
Тербелгенде
Не жетсін адам ары тергелгенге!
Күрсінсе Таяу Шығыс,
Сезінемін
Жатқандай ауру туыс бір бөлмемде.
Азамат бостан-босқа толғана ма?
Жерден тыс жеке өмірде мән бола ма?!
Жарылар жүрегімде,
Бізге түспей,
Бомбалар түскенменен Анголаға!
Уақыт қой сезетіндей,
Ұғатындай
Керексе
Көздің жасын бұла тынбай!
Қайғырам
Ауғандағы өлген жанның
Табыты біздің үйден шығатындай!
Келеді ашу-ызаң көп істерге.
Құйылып жатыр сары у көгістерге.
Папа емес —
Мен қайғырам —
Бір католик
Аштықтан көзін жұмса Ольстерде!
Болғанын біле алмадым бұрын қандай
Келмесін Кавказға ондай,
Қырымға ондай!
Сезіндім
Сыңсығанда Кампучия
Қазақтың тең жартысы қырылғандай!
Өзімді осылай ғып туған ана.
Әйтпесе,
Адам босқа толғана ма?!
Бір тасып,
Бір қайтады Ла-Манш
Ғарышта жатқан сонау Айға бола!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қара жер шайқалғанда өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Қара жер шайқалғанда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қара жер шайқалғанда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қара жер шайқалғанда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері