Той-думанға қимаймын мен кешімді – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Той-думанға қимаймын мен кешімді» атты Қадыр Мырза Әли жазған мерекеге арналған өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 01.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3114
Той-думанға қимаймын мен кешімді,
Қиды десе,
Сен оған сенбе, шындық!
Бірақ қайда бармайын
Мені үнемі
Аңдиды да жүреді пендешілдік.
Бармайсың ба шақырса,
Барасың ба?!
Бір құдірет қазақтың бар асында.
Сол құдірет жібермей
Отырамын
Жаным сүймес жандардың арасында.
Осалдыққа, бауырым, қара мына:
Көзім жетпей тағдырдың тарамына.
Әпжыланға тап болған бозторғайдай
Арбалам да қаламын шарабыңа.
Қылмағанмен өмірді кәсіпханам,
Сүйсе болды қуаныш қысып қана,
Сөз дегенің пәле ғой,
Сиқыр ғой ол,
Түспейтұғын қақпанға түсіп қалам.
Еріну ме?
Бауырым, мен де ерінем.
Кейде нағыз жалқаумен теңгерілем.
Көз дегенің пәле ғой,
Нәркес көздің
Шыға алмаймын кей кезде шеңберінен!
Сұхбаттасып жаспен де,
Кәрімен де,
Емделдім мен сөзбен де,
Дәрімен де...
Сезім мені сүйресе,
Санам маған
Құтыл дейді осының бәрінен де!
Әкетпесе ағызып мытып ағын,
Сытылатын тұстарда сытыламын.
Құтылар ем бәрінен,
Мен өзімнен
Өзім қашып қалайша құтыламын?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Той-думанға қимаймын мен кешімді өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Той-думанға қимаймын мен кешімді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Той-думанға қимаймын мен кешімді өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мерекеге арналған өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Той-думанға қимаймын мен кешімді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері