Қасиетсіз қамқорлық – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Қасиетсіз қамқорлық» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4518
Күнбағарға Бұлт айтты:
— Білмеймін мен балтайтты!
Тасбауыр жан демегін,
Қашан да әзір көмегім!
Күн көзінен сарғайып
Кетесің ғой,
Қорғайық!—
Жапты сөйтіп күн көзін,
Қамқоршымын деді өзін.
Айлап аспан ашылмай,
Жауды жаңбыр басылмай...
Сәуле болмай жан бағар,
Піспей қалды Күнбағар.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері