Кеттің-дағы ауылға – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Кеттің-дағы ауылға» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1380
Кеттің-дағы ауылға,
Қалғандаймын далада.
Жат секілді бауыр да,
Қатын менен бала да.
Жүремін тек алаңдай,
Алданыш жоқ еш маған.
Жоқ іздеген адамдай,
Үйге-дағы кеш барам.
Кеттің де сен жырақтап,
Орап алды мұң-қайғы.
Тиянақты тұрақтап,
Бір ісім де тынбайды.
Қиындыққа көнімді,
Төзіп бітті жүрегім.
Селт еткізбес сенімді
Сен екенсің тірегім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері