Бұл фәниде актерміз біз құбылған – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Бұл фәниде актерміз біз құбылған» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.07.2020
  • 0
  • 0
  • 2340
Бұл фәниде актерміз біз құбылған,
Құлағымыз босамайды сыбырдан.
Жаралаймыз, табалаймыз біреуді,
Сүрінгенге күліп жатса жығылған.

Көлгірсумен мықтыларға ұнаймыз,
Маска киіп мастанғанға шыдаймыз.
Елге қарап кейде өтірік күлеміз,
Елді көріп кейде өтірік жылаймыз.

Жолыққанда өмір деген өткелде,
Ақиқатты бетке айтқанды жек көрме.
Сыпырылмай кетуі де мүмкін ғой
Аярлардың жүзіндегі бетперде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері