Жаратқан Алла ғаламды – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Жаратқан Алла ғаламды» атты Ақылбек Шаяхмет жазған діни тақырыптағы өлең берілген.

  • 18.07.2020
  • 0
  • 0
  • 2263
Жаратқан Алла ғаламды,
Жаратқан екен адамды.
Адамға қуат болсын деп,
Жаратқан және қаламды.

Қаламмен айттым сырымды,
Қаламмен жаздым жырымды.
Ізіндей болдым қағазда,
Бабамның өткен бұрынғы.

Жеткізді қалам наз-үнді,
Қаламмен хаттар жазылды.
Арамның түссе қолына,
Қаламмен ор да қазылды.

Қаламмен таптым малымды,
Қаламмен жидым барымды.
Бермеймін айырбасқа да,
Берсең де түсіп тағыңды.

Қаламым менің – киелім,
Өзіңді шексіз сүйемін.
Сен түскен күні қолымнан,
Тоқтауы мүмкін жүрегім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері