Өлең, жыр, ақындар

Емделіңдер, адамдар

  • 29.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1212
Өмірге келгелі
Бұл жұмыр жердегі
Білмедім, көрмедім
Дені сау пендені.
Біреудің жүрегі,
Біреудің білегі Аурулы.
Айығу –
Бәрінің тілегі.
Біреудің бауыры,
Біреудің сауыры –
Аурудың, әйтеуір
Жоқ ешбір тәуірі.
Біреудің жүйкесі,
Біреудің шүйдесі –
Сан түрлі сырқаттар,
Сан түрлі күй деші.
Тәннің де жарасы,
Жанның да жарасы
Айығыр. Тым қауіп –
Сырқаса санасы.
Біреулер дау іздеп,
Біреулер жау іздеп,
Жүргені өзара
Алты ала ауыз боп.
Тілесең жанға жар,
Карловы Варға бар.
Қайнарлы бұлақтар –
Шипалы ванналар.
Болсаң да неше күн,
Қайтпайды меселің.
Жуылар, қуылар
Бойдағы кеселің.
Тілесең жанға жар,
Карловы Варға бар.
Думанды, сауықты,
Жәрмеңке – хан базар.
Құшағын жайған бақ,
Арала сайрандап.
Қызыққа көз тоймай,
Қайтасың қайран қап.
Карловы Варда сен
Танисың таңды әсем.
Табысып талаймен,
Шалқисың барда сен.
Тауында тынығар
Достықтың шыңы бар.
Ол жерде түрлі жан
Бір-бірін ұғынар.
Тауында тынығар
Достықтың шыңы бар.
Демалып, емделген
Ол жерде ұлылар.
Емделген ғалым да,
Шаруа шалың да.
Алайда, жол жабық
Зымиян, залымға.
Әрине, ондайды
Емдетпей болмайды.
Сырқаса саналар,
Дүние сорлайды.
Емдейік жараны,
Қайғыны, наланы.
Емдейік ең алды
Сырқаған сананы.
Тілесең жанға жар,
Тілесең таңға ажар,
Ерінбе, Ей, достым,
Карловы Вара бар!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әкім

  • 0
  • 0

Аса күйлі тұратын
Ертеректе бір Әкім
Барған екен Плутонға өлген соң,
Достары оны көмген соң.

Толық

Шабан мен жолаушылар

  • 0
  • 0

Күн төбеде зілдене,
Жүк артып бай үйіменен,
Төрт ат жеккен күймемен
Тырбанды.

Толық

Туғаннан талабымды тұлпар қылып

  • 0
  • 0

Туғаннан талабымды тұлпар қылып,
Ұшырдым үмітімді сұңқар қылып.
Сұлулық, сымбаттылық атаулыға
Тәңірім қойған мені іңкәр қылып.

Толық