Ұлт тағдыры

Бұл бетте «Ұлт тағдыры» атты Бақтыбай Жайлау жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1265
Жаратылыс заңы солай,
Жақсылық пен жамандықты тең қойған.
Алуан түрлі іс шығады
Әр адамның бойындағы бір ойдан.
Сол сияқты, бір қойдан
Ақ қозы да туады,
Қара қозы да туады.
Адамзат та осындай,
Кейбіреулер өлгенінше адалдықта тосылмай,
Базбіреулер туа сала пенделікті қуады.
Пенделіктің шырмап алып құрсауы,
Текті елімнің азды бүгін ұрпағы.
Жалғасатын болса олар осылай,
Күні ертең-ақ ұлт рухын құртады.
Арамызда арын сатқан қандастарым көбейді,
Бірақ оны ешқайсысы мінім екен демейді.
Енді біреу өз тілінде ойлап, еркін сөйлей алмай,
Және дағы жұртпен қатар жер басып жүр ұялмай.
Қазір тіпті ұстануда шатақ, шала дінді бөтен,
Алайда оның зор қасірет екендігін білді ме екен?
Сорақысы – сәбиін де шетке сатып «кәсіп» қылды,
Көп қаракөз жат қолында кете барды асып қырды.
Анаға қарсы қыз шығуда,
Әкеге қарсы ұл шығуда,
Осылайша ұлтымыздың шаңырағы шайқалып,
Тәрбиесі тұншығуда.
Мұндай емес едік қой бұрындары,
Әлде... ұлтымыз ұлтсыздыққа ұрынғаны.
Өртейтін де өзекті өкіндіріп,
Халқымыздың бүгінгі осы халі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұлт тағдыры өлеңінің авторы кім?

Бақтыбай Жайлау — осы өлеңнің авторы.

Ұлт тағдыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұлт тағдыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бақтыбай Жайлау өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұлт тағдыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар