Қар жауар күн-түн оның қабағынан
- 0
- 1
Қар жауар күн-түн оның қабағынан,
Жалбырар байтабасы балағынан.
Көк шұнақ лағы өлсе көгенінен,
Ойлайды азаяр деп жегенінен.
Бұл бетте «Ұстаз!!!» атты lunara5a жазған ұстаз туралы өлең берілген.
Қар жауар күн-түн оның қабағынан,
Жалбырар байтабасы балағынан.
Көк шұнақ лағы өлсе көгенінен,
Ойлайды азаяр деп жегенінен.
Сексеннің біз де келдік жетеуіне,
Жаманның ергенім жоқ жетегіне.
Біз байғұс қалтақ-құлтақ етіп келдік,
Біздей шал жатып қалды төсегінде.
Сен барда сүйеулі еді арқам жарға-ай,
Қатепті қайыспайтын қара нардай.
Аузына байтақ жұрты анталаған,
Сүйекем сөйлер еді-ау қарқуардай.
Хабарлама
INFO
Бұл өлең ұстаздарға арналған жақсы өлең екен.Маған ұнады❤❤❤
Ұстаз авторы кім
Авторы кім