Табиғат кереметі

Бұл бетте «Табиғат кереметі» атты Қадіржан Алдахов жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Табиғат қандай әсем, керемет неткен!
Сұлулығын көрген жан елең еткен,
Көкжиектен күн шығады бір сәтте,
Сәулесі түсіп, жарқырап, күн де жеткен.

Айдын көлі жалтылдайды көзің шалса,
Аққу құсы көлден ұшса, сәнмен қонса,
Мөлдір су шеңберленер, көл бетінде,
Қанатын сипап өтіп, жолын салса.

Таң қаламын қарап әрбір кездерін,
Табиғаттың мол сырын әлі кезбедім.
Себелеп ақ жаңбыр жауған соң
Кемпірқосақтың қайдан шығарын,сезбедім.

Бұл әдемі көріністі мен кейде,
Жүрмін әлі ойға ұқпай сол күйде.
Сезіміңді құбылтады қалай бұл?
Жақын сәтте, тіпті мейлі күнгейде.

Бөлейтіні бар еді ғой сезімге,
Кейде сені үйретеді төзімге.
Түрлі әлем,сыр шертеді табиғат
Артынан ертіп,сен білмейтін тереңге.

Таза ауа,жұпар иісі аңқыған,
Бұлбұл үні,әуелетіп қалқыған.
Сайраған ән самал желмен әкетіп,
Тербеліп бір,табиғат жаны толқыған.

Тізбектеле жерге гүлдер басылып,
Гүлдер жайнап,күлтелерін асынып.
Хош иісі мұрынды жарып барады,
Таң сәріде бүршік жара ашылып.

Жасыл желек ну орманды қараса,
Қатарласа сән түзейді жараса.
Көп бөледі оттегіні өзінен
Өскен биік бір-бірімен таласа.

Найзағайы жарқ-жұрқ етіп кей кезде,
Қорқыныш сезім ұялар құла түзде.
Мені алып кете ме деп өзімен
Туындайды сұрақ,үрейленіп сен лезде.

Жаныңа қуат бергендей бір боласың,
Таңғажайып өзіңе әсер аласың.
Сырлы әлемге кіріп бара жатқандай
Бір құлазып,бір қуанып қаласың!

Авторы:Қадіржан Алдахов


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Табиғат кереметі өлеңінің авторы кім?

Қадіржан Алдахов — осы өлеңнің авторы.

Табиғат кереметі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Табиғат кереметі өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Табиғат кереметі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер