Ой көк – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ой көк» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3780
Ақ үйден бір қыз шықты көзі күлген,
Үстінде дүрия көйлек шәймен бүрген.
Сол қыздың сұлулығын мен айтайын,
Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген.

Ой, көк, апырым-ай,
Жастық дәурен өте ме-ай?!

Сол қызды бір көргеннен болғам ғашық,
Сөйлесіп көрісуге көңіл ашып.
Сүймейді сұлу қызды қандай адам,
Тұрғанда туған айдай нұрын шашып!

Ой, көк, апырым-ай,
Жастық дәурен өте ме-ай?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері