Өтепберген – Әсет Найманбайұлы

Бұл бетте «Өтепберген» атты Әсет Найманбайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2149
Раушан атқан таңның жарығындай,
Өткір тіл Дағыстанның шарығындай.
Жауапқа қалап айтқан тілім тәтті,
Кәусардың ағып жатқан арығындай.

Алтын да алтын, мыс та алтын, қола да алтын,
Көңілмен толтырғанмен, бола ма алтын?
Жақсының бір мінезі осындайда,
Жүзіктей қолға салған оралатын.

Жау тонаса, жарымас жарғақтыға,
Ғазиз айтсам жарасар салмақтыға.
Бозбала, саған айтқан өсиетім:
Жолама сасық қолтық күн қақтыға!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері