Кәрілік – Әсет Найманбайұлы

Бұл бетте «Кәрілік» атты Әсет Найманбайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.05.2019
  • 0
  • 0
  • 4410
Ақша бет ауырғанда албырарсың,
Қара көз жан берерде жаудырарсың.
Қаламға атша шапқан он саусағым,
Астында қара жердің саудырарсың.

Ет қатар қартайғанда сүйегіңе,
Қарайып тамыр тоқтар білегіңе.
Сөйлесең аузы-басың кемсең қағып,
Тиеді мұрның барып иегіңе.

Уай аридай-аридай,
Япырмай, балам-ай,
Кәрілік-ай, заман-ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері