Өлең, жыр, ақындар

Княжна

  • 13.07.2022
  • 0
  • 0
  • 365
1847

Асқар таудың үстін өрлей,
Тушы кешкі жұлдызым,
Еріксізде жүріп бірге,
Сырласалық біз бүгін.
Айтшы, қалай таудан құлап,
Батады күн дөңгелеп,
Днепрді құшады орап,
Кемпірқосақ өрмелеп?
Бәйтеректер қалайынша,
Бұтақтарын жаяды,
Тәжім етіп, суға төніп,
Жүз бұралып қарады.
Суды сипай жайылады
Жасыл жапырақ аялай,
Бұтақта олар уілдейді
Шоқынбаған баладай.
Бардулайлар даладағы
Қонады талай қорғанға,
Не бақытсыз сыр сыбырлайды,
Қарағайлар орманда...
Көрген түстей көкшіл шөптің
Қырда түнде түлеуін,
Адамға арнап гүлін жарған
Жақсылығын білемін.
Оларды мен жақсы білем,
Жұлдыз достым, тегінде,
Не болғанын кім біледі
Украина жерінде.
Мен білемін, айтам жатпай,
Қалай ұйқтап жатарсыз,
Саған айтам, өзің ертең
Құдайға жай айтарсың.
Селен, селен лашық үйлер
Көзге алыста сарайдай
Көрінсе де, жұрт қалады
Іздесе ізін таба алмай.
Тәңірінің сол селенінде,
Украин жерлерінде,
Біле алмаймын қалайынша
Пайда болды бір зор князь
Әйелі де жатқан бір наз.
Екеуі де қыршындай жас,
Болды тағы өмірі бай,
Көк шалғынды өзен көлі,
Тау басында тұрды сарай,
Жасыл бақша егіс тоғай,
Тұнып жатты тау бауырлай,
Кең далада жел диірмен.
Тұрды өзінің селендері,
Даланы орай ағып өзен,
Көтеріңкі көңілдері.
Жазы, қысы музыка ойнап,
Арақ, шарап өзенше аққан,
Князь - дағы жүріп-тұрып,
Меймандықтан, қонақтатқан.
Князь - дағы ішіп алып,
«Уралайды», қатты айқайлап,
Тойлайды князь, тойлайды мейман,
Жатқанын мас боп құлап.
Ертеңіне қайта тұрып,
Тағы ішеді, тағы тойлайды,
Соныменен күн өтеді,
Мұжықтардың қаны қайнайды...
Сот құдайға жалбарынады...
Мастар жатып айқайлайды:
«һәм, патриот кедейшіл,
Біздің князь әйгілі еді,
Айқайлады ура, ура!
Жақтаған боп кедейлерді».
Ол, кедейшіл тек мұжықтың,
Қызын тартып ала біледі.
Тәңірі білмейді, білсе - дағы,
Білмеген боп қала береді.
Княгина үйін кілттеп,
Отырып сыр білгізбейді,
Кедейлерді есіктен де
Қаратпайды, кіргізбейді,
Не істеу керек? Қашып барып
Қидырды ол некесін.
Ақыл айтса тыңдамады
Әкесі мен шешесін.
Деді оларға: жақындама,
Үндемеңіз сыр білмеңіз!
Міне, осылай княгина!
Міне, осындай князіңіз!
Мақтана бер, біл де соны,
Дәл осылай княгина!
Сен өлерсің, сен өшерсің,
Күзгі түнде солған гүлдей,
Тәңірі не дер сен білмессің,
Өшерсің сен түк те білмей.
Қалайынша тәңірінің
Сен білмессің мақтағанын,
Қалайынша өмірді адам
Жаны елжіреп жақтырғанын.
Өмір сүру қандай жақсы,
Өмір сүргің келе береді,
Болсын бір жыл, я бір сағат,
Соған қарап тұрғың келеді.
Кезі келді, бәрі білді...
Көрді бәрін кәрі ана,
Сол өмірдің шын келбетін,
Аудармастан салды жаңа,
Әулиедей жалбарынсын,
Мейлі, сенің нақ алдыңда,
Менің жап-жас сұлулығым
Сеніменен қайғыруда.
Өмір сүрсең сүргендей - ақ
Болса әйгілі тәңірі,
Бір ізгі іс істер болсаң
Ұмыттырғандай қайғыны.
Тәңір берген сұлулықпен
Жанға жайлы жылулықпен
Шарықтап шын көтерілсе
Адамзаттың көңілі.
Бірақ, оның бірі де жоқ,
Нұрлы жастың қара көзі
Өсті, қапа, жалғыздықтан,
Бәлкім, соны тіледі ме —
Тәңірінің жалғыз өзі.
Уа, тәңірі! бұл жалғанда
Бердің бізге ақыл ерік,
Таза жүрек, сұлу көрік,
Бірақ, тағы бермедің сен.
Сүретін өмір берік,
Бермейсің сен шаттық жанат,
Көруге ұлы бұл жиһанды.
Толық көріп, тояттап боп,
Көз жұмуға ұйықтап мәңгі.
Өмір сүру неге қызық,
Жетпесе адам құмарына,
Тап сондай-ақ жапа-жалғыз
Қызықсыз жас княгина.
Жалғыздықтан құса болып
Көркі солып қайнап жүрек,
Түсінде де тәңіріге
Жалбарынып әміріне,
Кімді сүю керектігін
Шын ниетпен еткен тілек.
Енді өзі де ана болды,
Масаттанып бала сүйді,
Тәңірі оған өмір беріп
Қуанышты жаны күлді.
Жалғыз ғана балақайын,
Қысып сүйді, жақсы көрді.
Бірінші рет шырылдаған
Бала даусын ана білді.
Жан жүйесін босататын,
Бала, бала, бала болды,
Рақмет тәңірге енді!
Көздің аққан жасы кепті,
Шұғыла шашты күнде жайнай,
Княгина балалы боп,
Бола алмады бұрынғыдай.
Дүниеге жада туған
Секілді, ойнап, сайран етті,
Ойнап-күліп қызық көріп,
Жас қызына көйлек тікті.
Кіп-кішкентай жеңіне оның
Жібекпенен кесте төкті.
Ұмытып кетіп кейде есіне
Түскен кезде желпінеді.
Тек сол үшін туды ма екен,
Бала езінен өзі өседі деп
Жана дағы князьді үйге
Кіргізбейді күнде ішеді деп.
Бақшадағы алма дайын,
Сәби өсіп гүлденді де,
Княгина сөзге үйретіп
Білді бөбек сөйлеуді де.
«Мама» деген бір ғана сөз
Сәбиіне үйреткені,
«Папа» деген сөзді бірақ
Ешуақытта үйретпеді...
Суреті бар кітаптарды
Сатып алып түйдектеді,
Нәрестесін ермек етіп
Қандай қызық сөйлеткені.
Ол үйретті баласына
Тәңіріге де шоқынуды
Бастады әуел суреттермен
Әріпті де оқытуды.
Тап-таза қып ерте ұйықтатты,
Шомылдырып ол күнбе-күн.
Құламастай ғып құндақтап,
Жайды жылы ол жөргегін.
Түні бойы ұйықтамастан,
Княгина қызын бағады...
Жан-тәнімен сүйіп оны
Балбыратып бағып - қағады.
Бір жылайды, бір қуанады
Жас қызына күйеу таңдап,
Ұзын, сұлу қос бұрымын
Осы қыздың еріп талдап.
Маскүнем князінің,—
Бірде, халін ойлап ұйып,
Жылап кейде басып
Жасқа толған көзін жұмып.
Жас нәресте түс көреді,
Тұрғандай - ақ сөйлесі кеп:
Жылама, анам, және
Бұрымымды өрмеші!» деп!
Тәңірінің күні бір күн
Алар сізді аясына,
Рақатты ғып бақыт берер
Қызына да, анасына.
Қызың талдай бұрала өсіп,
Сұлулықтан шам жандырар,
Сұңғақты өскен оның көркі
Жер-жиһанды таң қалдырар.
Өсер қызың анасы үшін,
Өспес шаттық рақатқа,
Княгинаны дүниеде
Тәңірі салар михнатқа...
Білмейді адам не себептен
Ажал алады ізгі адамды,
Не себептен қалдырады,
Ажал алмай зұлымдарды?
Князің де ойланды енді
Қатты ауырды княгина,
Ауруды қарайтын
Бақсылар кеп жиналды да,
Бақты, қақты бақсы біткен
Бишараны білгенінше,
Емдеді оны көзін жұмып
Тар қабырға кіргенше...
Ол селенде княгина
Жоқ, музыка сыңсыды ойнап,
Жуын сәулем! Танымай да
Қалар көрсе ана тайың,
Жуын сәулем! Танымай да
Қалар көрсе анатайың,
Көп баланың арасында
Жоқ деп ойлар балатайын.
Ақ ниетпен жуын, сәулем,
Білсін анаң жалғызын,
Жар боп тәңірі жарылқайды
Тағдырының жұлдызын.
Ол жуынды, ізгі адамдар
Киіндіріп, Киевке
Алып кетті, институтке
Не болғанын оның шетте,
Көрерміз біз, жарандар,
Музыка ойнап, князь тойлап
Думандады меймандар.
Сарай іші күңіренді
Село аштықтан тебіренді,
Және барлық Украина
Тебіренді, еңіреді...
Тәңірінің азабымен
Мың-мың адам аштан қатып,
Өліп жатыр соны көрген
Ақсүйектер, отыр шалқып.
Жебірейге кебек сатып,
Осы аштық бірден бірге
Өршісін деп тәңіріге
Жалбарынады үйде жатып.
Тілейді олар тағы бір жыл
Шықпаса екен деп елде егін,
Онда біздің помещиктер
Париж және басқа елдерден,
Көрсетер еді шын өздерін.
Мұны естіп көрер еді
Тұр ұйқыда тәңірі қалғып,
Мұндай істі көре тұра,
Көре тұра, біле тұра,
Айыптыға бермесе азап
Болар еді бұл таң қаларлық.
Яки онда сонша ұзақ
Бар шығар тым шыдамдылық...
Жыл артынан жылдар озып,
Жұрт аштықтан өліп жатыр,
Бүкіл жалпақ Украинада
Аштық кәрін төгіп жатыр.
Ол князьдің селенінде
Үюлі скирд шіріп жатыр.
Князь оны елемейді,
Арақ ішіп, жүр той тойлап,
Ақшасы бар жебірейді
Іздеп, тауып, пайданы ойлап.
Бірақ тағы, жебірей жоқ,
Егін шықты, жұрт көңілді,
Тәңіріге жалынды енді...
Княжнаны Киевтен - ақ
Тұрағына алып келді.
Азып, тозған селенде ол
Күндей жайнап, гүлдей болды...
Қиылған қас, қара көз
Апасынан аумаған,
Тек қайғылы, көңілсіз,
Не туралы ойлаған.
Қанат қаққан көгершін
Секілді селенді оралды,
Аралап көріп барлығын
Көңілденді, қуанды.
Еркелетіп бәрі де,
Тәтті сөзбен құп алды.
Аузына ұстап бар дәмім
Жұрт сыйлады, сый алды.
Селенді ол күнде де
Аралап жүріп әркімге
Жәрдем етіп, құп алды.
Жетім-жесір жайдары
Жақын көріп келді оны,
Ұнатып жылы мінезін
Анасында көрді оны.
Табынғандай болды оған,
Барлық селен бассалып,
Селендегі келді оған
Жебірейлер де ақша алып.
Князь да сатып қуанды
Кебек пен қара бидайды,
Толтырды егін басуға
Қажымас қажырлы адамды.
Көз тимесе жарар еді,
Бастырды әне бидайды
Жанында әне сарайдың
Сағатта орып жинайды.
Мас боп сайда сайрандап,
Князьда да жоқ тыныс,
Рақатта қызы да
Ұйықтап жатыр тып-тыныш.
Айқай-ұйқай, у-шу болып
Әдепсіздеу ән де салып,
Күбірлескен әйелдердің
Күлкісі де құлақ жарып,
Үй қожасы айқайлайды:
Ішелік деп тағы да ұрттап,
Әзірінше оянбастан
Жатқан шақта қызым ұйықтап.
Өз бөлмесін кілттеп алып
Отыр баяу қыз мұңайып,
Таудан өрлей өрттей қызыл
Туған айға аң-таң қалып.
Бұлттан шығып ай ақырын
Жүзгенде тау гүлденгендей,
Емен, тоғай, сай даладан
Көшіп бұлтқа бөленгендей,
Үкі ойнап, жапалақ құс
Жардан ұшып кең далаға
Бақ-бақ етіп бақа шулап,
Жатыр жастар әнге сала!
Қара, жастар, тәңірінің
Туған көкте жұлдыздарын,
Қараңыздар, сізді жылытып
Айдын, туып қызарғанын.
Көз ұйқыға жұмылар еді,
Ұйқы бермейді жұлдыз тағы
Басын сүйеп қолымен
Ашылмады қабағы,
Жатты қирай сай-салада
Құлап шөлмек, қонағы да,
Құлатып боп қонақтарын,
Ішіп қалған арақтарын,
Аяғын шақ басып князь
Құламайды тұрады тағын
Бір масқара ол сұмырай,
Басқан шалыс аяқтарын.
Қайда жүріп бағытталдың
Ескер, нені ойыңа алдың?
Ескермейді, кілтін алды,
Есікті ашты ыңғайланды.
Төрге қарай аяңдады
Қызына кеп:— оян,— деді!
— Оян, пәк қыз!
Секіріп тұр!
Бар, тілімді ал, ұр, оны өлтір!
Тәңірі сені жазаламас
Көзін жойып, ісін бітір!
Бір кездерде Шенші өлтірген
Өз әкесі Кординалды,
(Ол Римнің епископы)
Оған жаңа Сабавопа
Шошымады, қайғырмады.
Бірақ, әлі қыз ұйқыда
Ұйқысынан оянбады,
Тәңірі көріп тұрса-дағы
Үнсіз, пәлен дей алмады.
Ондай үлкен күнәға ол
Өзі бастап ыңғайлады.
Еш дыбыс жоқ уақыт озды
Тек соңынан айқай шыққан,
Тек соңынан есітілді
Жылау, сықтау сарай жақтан.
Тек, жапалақ есітті оны
Үнсіз жым-жырт болды соңы.
Сол сағатта ауылдағы
Үйген скерд жанды, өртенді.
Яки бір сөз, я дыбыс жоқ,
Батып кекте жұлдыз сенді.
Ұйықтап сайда байлар жатты,
Еш қимылсыз қозғалмастан,
Жұрт жиналып, көрді келін
Көк түтінді аспанға ұшқан...
Тұрып таңнан қонақтар да
Бақытсыздық істі көрді,
Тастап тыныш князді жай
Ибалықпен жүре берді.
Оны солай қалдыралық
Қалдырады тәңірі солай-ақ,
Оны бірақ қалдырмайды
Бақытсыз бір сәт туған шақ.
Менің сорлы княжнам
Қурап, бітіп сен солған гүл.
Күнәң да осы дүниеде
Кештірерсің, кештіре біл.
Күнә екен! Ой, тағдыр-ай!
Сұм тағдыр! Бір қолдаса,
Ол қызды мен қартайғанда
Есірке, тым болмаса.
Елсіз бөтен жерде оңаша
Қалдырмасаң апарарсың
Өмірінің ақырына.
Көмерсің де қабіріне
Өзін жерлеп ақырында.
Селенде ешкім қызды білмейді
Жасырынды қайда барып,
Ойлайды оны ақырында
Кетті ғой деп өртке жанып.
Селен тұрды тек мұңайып,
Тау басында сарай нық,
Көзге алыстан қарайып,
Жүдеген князь түсі жоқ.
Тұруға да күші жоқ,
Тұрғызатын да кісі жоқ.
Ауру адыра үйінде
Оған ешкім бармайды,
Көз қырын да салмайды
Қыз табылып келсе
Жұрт тәңіріден тілейді.
Ол жоқ, бірақ белгісіз
Княжна қайтып келмейді.
Ол әулие болған жоқ
Тығылды қайда тегінде,
Киевтегі якн ол,
Қірді ме, монах үйіне?
* * *
Ол туды өмір сүру үшін,
Өмір сүріп сүю үшін,
Көркіменен күндей жайнап
Күнәлі күл әулиенің
Арасынан озат самғап
Жұртқа езгілік беру үшін!
Монахтардың үйінде өлген
Болды асыл зат сену үшін.
Украинаны кезіп жүріп,
Болып едім Чигринде,
Ол қыздардың монастыры
Құмнан әрі саздау жерде.
Ол үй жеке тұратын.
Тек бөленіп бақша гүлге,
Манағы әйел сонда тұрған,
Бір жаңалық айтты маған:
Өткен жылы Днепрден
Бір княжна келіп кірген
Монастырға солар тұрған.
Сонда тұрып демін алып,
Тәңіріге жанын қиған...
Жалынданған жасы да жас,
Әрі әдемі жақсы болған.
Шуақтаумен күнге күйіп,
Ақырында науқастанған.
Бір жұма, үш күн төсек тартқан,
Қалдырмастан сырын айтқан,
Ксина атты сіңліме де,
Дейді ол әйел жаңа маған,
Сонымен ол бізде елді...
Нендей жақсы қасиетті,
Жерлердің де бәрін көрді.
Ол көңілдің айнасы еді,
Тура келді өлім оған,
Сонау тұрған моласы енді,
Әлі крест қойылмаған.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аспаны да аласа

  • 0
  • 0

Құмның, көрсең сен мұнда
Аспаны да аласа,
Шақ құламай күн құмға
Тұрғандай-ақ қарасаң.

Толық

Өзіңе ұқсас

  • 0
  • 0

Жас қайыңның тізілген
Бүршік атып өзегі
Секілді жас қыз киген
Шыт көйлектің безегі.

Толық

Вокзалда

  • 0
  • 0

Сұр брезент азық қоржын иықта,
Құлақшынын баса киіп басына,
Шолақ тонды солдаттар шат, миықтан
Күліп қойып, поезд күткен асыға.

Толық

Қарап көріңіз