Тоңған ай – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Тоңған ай» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.07.2022
  • 0
  • 0
  • 797
Қысқы түнде жалтырап
Тоңғандай бейне қалтырап...
Жымия қарап аспанда ай —
Жігітін қыз тосқандай
Тұр алыста оңаша...
Сарғая күткен сұлудай,
Сүйемін сені, сұлу ай!
Бұлт жауып көк көрпесін,
Әлдилеп аспан еркесін
Жылытса не етер, балаша?..
Ай — оңаша аспанда
Тұр, ғашығын тосқан ба?..
Суық аспан жылытпас,
Ең болмаса,— қонып қаш,
Дегім келді, кеудеме!
Ұясынан кеудемнің
Жалынымен өлеңнің —
Жылынып бәлкім,— жарық ай,
Құшаққа кірген жарымдай
Балқытарсың мені де...

1955


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері