Баку – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Баку» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 693
Мейірімді кәрі ана
— Бауыры суып қатпаған;
Ұрпағына, таңына
Сары алтынын сақтаған.
Жер кернеген желінінен
Мұнай сауып идірген,
Құнарлы отан жерінен
Елім ырыс өндірген.
Жер астында жатқан жайнап,
Көк теңізі мұнайдың,
Айдынынан алтын қаймақ
Қалқыттың да шығардың!
Бакудың бал бауырынан
Халқым алтын қалқыған,
Мөңкіп аққан мұнайынан
Май фонтаны шалқыған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері