Бұл бетте «Әке портретіне» атты Бақтыбай Жайлау жазған әке туралы өлең берілген.
Ағы менен қарасынан көзіңнің
Ашу менен нараздықты сезіндім.
Неге сонша қатуландың, жан әке,
Қынжылтты ма қылықтары ез ұлдың?
Дейді жұрт: «Бұл бір үйге ер азамат!»
Солар айтқан мендегі таза ма ат?
Азамат боп атанып жарытам ба,
Өтелмей бойымдағы бар аманат?
Семіріп халық айтқан мақтауына
Балаңның бұл жүрісі жақпады ма?
Күні ертең үміт еткен сеніміңді
Күмәндана қарайсың ақтарыма.
Түсінбедім. Ойыңды түсінбедім,
Түсінуге келмей жүр күшім менің.
Бірақ та бір нәрсені жобалаймын –
Оңалуын қалайсың ісім менің?!
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі