Сәл көрмесем өзіңді – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сәл көрмесем өзіңді» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1527
Сәл көрмесем өзіңді,
Көңілді бұлт торлайды.
Тұншықтырып сезімді,
Бір ауырлық орнайды.
Естісем-ақ болғаны
Телефоннан үніңді,
Көңілімнің орманы
Серпілтеді мұңымды.
Жазылады заматта
Құрысқаны денемнің.
Күн күлімдеп қабақта,
Бағына енем өлеңнің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері