Неге бүгін жүрек шіркін егілді?! – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Неге бүгін жүрек шіркін егілді?!» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1434
Әр көктемде жүрек шіркін жылынып,
Жанарымда жылт ететін жылы үміт.
Ата-анама сәлем беріп қайтушы ем,
Сағыныштың шын бағасын ұғынып.
Ауыр жолды береді екен Құдайым,
Қайда барам, төзейінші шыдайын.
Өмір ақ пен қара түстен құралған,
Алла мені қолдасыншы ұдайым.
Ұмытпаған, текті жанмын тегімді,
Неге бүгін жүрек шіркін егілді?!
Мүмкін әлде сағындым ба сол күнді,
Соңдарыңнан еріп жүрген кезімді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Неге бүгін жүрек шіркін егілді?! өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Неге бүгін жүрек шіркін егілді?! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Неге бүгін жүрек шіркін егілді?! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Неге бүгін жүрек шіркін егілді?! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері