Алыста жүрмін ауылдан

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 12.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1233
Жұмысбасты тіршілік бұл, жайт деген,
Бұйрық болса,-Елге балам қайт- деген.
Бауырларым бақытты ғой, елде жүр,
Ата-ананы құттықтап жүр айтпенен.
Қанағат ол, рахат алған аздан да,
Туған жердің төріндесің, назданба.
Әке-шеше құшағына не жетсін,
Не сұраймын, не айтамын «Жазғанға».
Бұл тағдырдың себебі көп, бағынып,
Күтудемін бір Алладан тағы үміт.
Шетте жүрген қос әпкемдей болмадым,
Ата-анаға барып жүрген сағынып.
Жазғырмаңдар болса ойымда қателер,
Қатал болса, болсын мейлі әкелер.
Шаңырақтың тірегі де сол адам,
Отбасыңа бақ-береке әкелер.
Ақылымды, ойымды да шыңдайын.
Білмеппін ғой, бұл өмірдің мұндайын.
Жаны ашитын бір-ақ адам өмірде,
Әке сөзі-Алла сөзі – тыңдайын.
Шатақ болдым,
Шалыс бастым жаспын ба?
Түсінгенім жан адамға қас қылма.
Жұмақ кілтін іздесеңдер ағайын,
Ата-анаңның табанының астында.
Жаны қалмай, – Балам – деді, қарады.
Бала үшін «тозаққа» да барады.
Бала үшін өз бақытын қиятын,
Бар әкелер аман болсын, саналы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алыста жүрмін ауылдан өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Алыста жүрмін ауылдан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Алыста жүрмін ауылдан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алыста жүрмін ауылдан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері