Жабығу – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жабығу» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1215
Отырам дәйім мен сенің
Қоңыруыңды тосумен.
Кетуін түсіп еңсенің
Түсінемісің осы сен?
Хабарласпасаң кезінде,
Қоярға жанды таппаймын.
Салынып сұрқай сезімге,
Қалайша мұңға батпаймын?
Жүрсің сен қайда, кімменен?
Деген ой орап күнімен,
Бірге ұшып көшкін құмменен,
Өзімнен-өзім үгілем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері