Есте қалды
- 0
- 0
Есте қалды жүгіргенім, күлгенім,
Есте қалды ат қып шыбық мінгенім.
Есте қалды базарында жастықтың
Дос-жаранмен қоян-қолтық жүргенім.
Бұл бетте «Бізге артқан сенім мен үміт» атты Айгерім Мүсілім жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Есте қалды жүгіргенім, күлгенім,
Есте қалды ат қып шыбық мінгенім.
Есте қалды базарында жастықтың
Дос-жаранмен қоян-қолтық жүргенім.
Жерді басып жүрдім,
Жер жылуын сездім.
Күн төбеге келді,
Күн қызуын сездім.
Бөгемей сезім тасқынын,
Жарқылдап өтті жас күнім.
Мойныма кейде батады
Құс жүнін салған жастығым.
Егістіктен дәннің иісі шығады,
Диірменнен ұнның иісі шығады,
Әжем менің пісіргенде бауырсақ,
Ас үйден де нанның иісі шығады.
Жылқышылар жүрген жылқы қайырып
Жазық жерде есек те жүр жайылып.
Үйірінен қалды ма екен адасып,
Қыр астында кісінейді тай-үміт.
Модератор
Сайысқа қосу үшін bilim2019 ілмегін қосу керек.