Егістіктен дәннің иісі шығады – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Егістіктен дәннің иісі шығады» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1151
Егістіктен дәннің иісі шығады,
Диірменнен ұнның иісі шығады,
Әжем менің пісіргенде бауырсақ,
Ас үйден де нанның иісі шығады.

Кең даладан жусан иісі шығады,
Алма бақтан алма иісі шығады,
Дастарханнан айт күндері жайылған,
Жеміс-жидек, құрма иісі шығады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері