Бақыты үшін баланың – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Бақыты үшін баланың» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3568
(Дүйсенге)
Майданнан алғаш келдім де,
Көйлекті тастап, жуындым.
Жаралы қолды көрді де,
Сұрауы болды ұлымның:
— Папа, сенің сол қолың
Неге тыртық соншама?
Састырды мені бұл жолы,
Тым кіштентай болса да.
Үндемей қалдым түйіліп,
Алдымнан өтті ауыр күн;
Далақтап дауыл жүгіріп,
Жалақтап тілі жалынның.
— Тұрып еді бір зілді
Соғыс бұлты сұрлана.
Қорғағанда өзіңді,
Түскен еді бұл жара.
Әбден ұғып жас жаны,
Тұрғандай:— жоқ дауым,— деп,
Өзі байлай бастады,
Ботинкамның бауын кеп.
Өзі қолдан кигізіп,
Папасының жейдесін.
Бетінен бір сүйгізіп,
Өзі салды түймесін.
Кезек сүйіп көзінен
Қуана қарап мен тұрдым.
Дедім отты сезіммен:
— Бақытыңа кепілмін!
1952


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бақыты үшін баланың өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Бақыты үшін баланың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бақыты үшін баланың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бақыты үшін баланың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері