Есте қалды – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Есте қалды» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1183
Есте қалды жүгіргенім, күлгенім,
Есте қалды ат қып шыбық мінгенім.
Есте қалды базарында жастықтың
Дос-жаранмен қоян-қолтық жүргенім.

Есте қалды сауық-сайран, той-думан,
Есте қалды күндерім де ой қуған.
Есте қалды нала-мұңым, шаттығым,
Қуанышым басым түсті қайғымнан.

Есте қалды тұлпарлардың шапқаны,
Есте қалды қастың құрған қақпаны.
Есте қалды ауылдағы иттердің
Шабаланып, балағымнан қапқаны.

Өткен күндер тартқан шығар көмескі,
Жаным мөлдір, болса-дағы тән ескі.
Тәтті балдай таңдай қаққан шақтарды
Еске алудың өзі бақыт емес пе?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері