Алға қарай асығып сұңқар уақыт – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Алға қарай асығып сұңқар уақыт» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 581
Алға қарай асығып сұңқар уақыт,
Жыр саулатып барады, шырқауға тік.
Алтын шұғыла таратып қанаттары,
Жерді туып келеді күн толғатып.
Тоқтамайды мінезді тарпаң уақыт,
Алақанға барады арқан батып
Айдарынан шашақты, шашу шашып,
Күнді туып келеді Жер толғатып.
Күн келеді, дүниеге жарық алып,
Бұлттың ішін күшпенен жарып ағып.
Өсіп-толып, қартайып, шаршап, талып,
Көкжиекке құлайды тағы барып.
Күн келеді дүниеге жарық алып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері