Өмірде бір қойып, өсек күңкілді – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Өмірде бір қойып, өсек күңкілді» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 589
Өмірде бір қойып, өсек күңкілді,
Адамды адам танитұғын күн туды.
Ата-ананы таңдай алмайтындай,
Тағдырымнан бөле алмаймын ұлтымды.
Қозы емеспін, көнетұғын көгенге,
Теппе, таптап, «тегі жуас» - дегенге.
Біл, қазақтың табиғатын алдымен,
Мені зерттеп, білем десең, егерде...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері