Аңдыған көз, санаспай ортаменен – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Аңдыған көз, санаспай ортаменен» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 686
Аңдыған көз, санаспай ортаменен,
(Көңілді шу, думанды ортаға енем).
Бір басымды бақылап бағынта алмай,
Өзге емес, “өзімнен” қорқа берем.
Қорқыныштан қорқып бұл айнымадым,
Ұстағандай болмайын ай құлағын .
Қадамыма әр алған қарап тұрған,
Қабағынан “халқымның” қаймығамын.
Кей кеудеге нұр төксе күлкім, ай-күн,
Шындық-сәби үшін тек шырқыраймын.
Тұрған бәрін көрінбей таразылап,
Қабағынан қорқамын “бір құдайдың”.
Бірге алғандай менімен жер тынысын,
Жуар, өткен іздерді толқын ішім.
Менің адам болуым екіталай,
Бойдағы бұл, болмаса үш қорқынышым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері