Өлең, жыр, ақындар

Көзіңде сенің түн қалғып

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 537
Көзіңде сенің түн қалғып,
Адасып үнсіз қармандым.
Жүрекке жүктеп жылдар жүк,
“Күн бар”– деп алда алдандым.
Жастықпен қызыл-жасылды,
Шығады ақын- бақсы елден.
Құлаған таудан басымды,
Бас демес, адам ақша емген.
Мақтанар қарап тауға шың,
Табиғат заңы ол енді.
Ауырар, аяп сау басым,
Саудаға түскен өлеңді.
Жем болды қанша жауға жер,
Біледі оны әр қандас.
Сезімді ешбір саудагер,
Таразы таспен тарта алмас.
Тынықтым шертпе күйге кеп,
Меңзеген ойға мезгілім.
Дүниеден өтер, “дүние” деп,
Пенделер сезбей сөз құнын.
Маңдайы тасқа тимеген,
Жандай, бір тағдыр көп кешем.
“Дүние - боқты” илеген
Қоңызға ұқсап кетпесем...
Қанатты күннен күй ұғам,
Ұшқандай заңғар көкке мен.
Кеудеңнен сүттей ұйыған,
Жұлдызым өріп, көктеген...
Ұйыған иман өңіңнен,
Елестер таңдай бір шынар.
Өмірді мынау өлімнен,
Сұлулық сақтап тұр шығар...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алдадың... оңашаға алып қаштың

  • 0
  • 0

Алдадың... оңашаға алып қаштың,
Күн іздеп арасынан жарық тастың.
Кешпеймін, есім барда кеше алмаймын,
Бақытты етіп сені жарытпаспын.

Толық

Іздер

  • 0
  • 0

Бір соқпақтан бір соқпақты іздесем,
Айқыш-ұйқыш заман басқан із кесем.
Сол жолдардың төсінде өскен, құрбыжан,
Өтінемін, бір тал гүлді үзбе сен!

Толық

Балам әскерге кетерде

  • 0
  • 0

Ер жігіт өсіреді жапанға гүл,
Ойлайтын кезің келді Отан қамын.
Парызын өтеу үшін туған елдің,
Барасың, балам, күткен сапарға бұл.

Толық

Қарап көріңіз