Қала шуақ аңсайды, дала шуақ – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Қала шуақ аңсайды, дала шуақ» атты Қанипа Бұғыбаева жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 635
Қала шуақ аңсайды, дала шуақ,
(Жер анаға кімдердің жаны ашымақ)
Саусақтарын созады жапырақ сәби,
Жарық сұрап, су сұрап, ауа сұрап.
Саған, маған бәріне керек шуақ,
Қасіретке қалай тұр, терек шыдап?
Алақанын жайып мың-миллион жапырақ,
Әйнегімді шертеді қорек сұрап?
Әйнегімді шертеді көмек сұрап...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері