Жерді басып жүрдім – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Жерді басып жүрдім» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1777
Жерді басып жүрдім,
Жер жылуын сездім.
Күн төбеге келді,
Күн қызуын сездім.
Шаршап-талдым, кездім,
Кейін қалдым, оздым.
Адал досқа сендім,
Амал достан бездім.
Ыстыққа да төздім,
Суыққа да төздім.
Өзгерген жоқ қалпым,
Құбылса да мезгіл.
Майын жедім көздің,
Балын жұттым сөздің.
Е,Құдайым, қолда,
Жақсылыққа кез қыл!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері